Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 144 просмотра

Дауылдан келген залал

Қарауылкелді ауылында дауылдан 300-ге тарта нысан бүлініп, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбенің атқарушы билігі дүлей дауылдан кейінгі тексерудің қорытындысын жария етті.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында болған табиғи апаттан 300-ге тарта нысан бүлінген. Оның ішінде 254 тұрғын үй, бірнеше әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан, әкімшілік ғимараттар бар. Арнайы комиссия соның бәрін аралап, зерделеген.

Қанша шығын келгенін мамандар егжей-тегжейі белгілі болғасын сәл кейінірек айтамыз дейді. Елді мекендегі электр желілері қалпына келтіріліп, газ бен су да берілген. Қазір ұялы байланыс мұнарасы жөнделіп жатыр.

Зақым келген нысандардың арасында спорт кешені де бар. Толық жөндеуден өткенше балалар уақытша аудандағы өзге спорт мектебінде жаттығады. Ал суға жүзумен айналысатындар Ақтөбеге баратын болды.

МЕЙРАМБЕК МАХАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бассейні зардап шегуіне байланысты жаттықтырушымен арнайы жоспар құрылып, спортшыларды Ақтөбе қаласының бассейндеріне жазғы каникул кезінде арнайы дайындық жұмыстары жалғасын табатын болады.

БҰЛБҰЛ КҮЗЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Білім беру нысандарының ішінде мектептер, балабақшалардың кейбірінің төбесі ұшып, зақым келген жерлері бар. Бұл бойынша қазір техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Осы техникалық тексеру аяқталғаннан кейін бұл білім беру нысандарының барлығы жөнделіп, 1 қыркүйекке дейін оқу жылына дайын болады.

← Все новости