Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау басталады

Білім грантына өтініштер 13 шілдеден бастап eGov Mobile және eGov.kz арқылы қабылданады.

13 шілде күні елімізде білім грантына өтініш беру басталады. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер құжаттарын 20 шілде, сағат 18:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы мен eGov.kz порталында тіркей алады. Платформаға кіріп, авторизациядан өткен соң түлектер «Азаматтарға» — «Білім» — «Жоғары білім» бөлімінен «Білім беру гранттарын тағайындау» деп басталатын қызмет түрін таңдап, онлайн сұрау салады. Содан кейін қажетті жолдарды толтырып, өтінішке қол қойып, орындалғанын күтеді. Ал егер талапкерге конкурстан тыс мемлекеттік грант тағайындалған болса, онда жүйеде автоматты түрде хабарлама көрсетіледі. Мұндай жағдайда қайта өтініш берудің қажеті болмайды.

← Все новости