Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Астана сыртындағы қоқыс полигонында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Астана жұрты кешеден бері тұншығып отыр. Қаланың сыртындағы қоқыс полигонынан өрт шығып, әлі бықсып, жанып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 130-ға жуық жеке құрам мен 80 бірлік арнайы техника тартылған. Десе де, қою қара түтін мен тұрмыстық қалдықтардың көптігінен қызыл жалынды әлі ауыздықтай алмай жатыр. Қазір тілсіз жаудың одан әрі таралып кетпеуі үшін арнайы материалдар төселіп, өрт сөндірушілер төрт учаскеге бөлініп жұмыс істеуде.

ӨМІРЖАН ТҮКҮШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорынның күштері мен техникалары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы оқиға орнында болып, өртті сөндіру жұмыстарын тікелей бақылауда ұстап отыр.

← Все новости