Перейти к содержимому
· 25 просмотров

Әскердегі кәсіби даярлық басталды

Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті.

Бұл кезең әр сарбаздың өз міндетін жетік меңгеріп, кәсіби білігін арттыратын уақыты.

Бірі қару-жарақты қолдану тәсілдерін үйренсе, енді бірі әскери техниканы басқару, байланыс жүйелерін меңгеру, барлау жүргізу немесе бөлімше міндеттерін орындау бағытында тәжірибесін жетілдіреді.

25 мыңнан астам жауынгер офицерлердің жетекшілігімен теориялық білімін толықтырып, оны іс жүзінде пысықтауда.

НҰРЗАТ ОРАЗБЕК, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Мамандықтар бойынша оқыту әскери қызметшілерді лауазымдық мақсаттарына сәйкес оқытуды қамтитын сабақтар кешені. Негізгі мақсаты — қызметтік міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу. Оқыту аяқталған соң 13 тамыздан бастап әскери қызметшілермен бақылау сабақтары өткізілетін болады.

Қуат Құдайберген

← Все новости