Перейти к содержимому
· 22 просмотра

Түркістанда су жаңа нысандар бой көтеруде

Қайтарылған активтердің қайырын халық көре бастады.

Кезінде заңсыз иеленген қыруар қаражат енді ел игілігіне жұмсалып, Түркістан облысында су жаңа өнер мектебі ел игілігіне берілді.

Ғимарат Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде бой көтерген.

Құны 890 млн теңгеге бағаланған білім ордасы 300 оқушыға арналған.

Дегенмен қазір мұнда 400-ге жуық бала өнердің 12 бағыты бойынша білім алып, қабілетін шыңдап жүр.

Айта кетейік, соңғы екі жылда өңірде арнайы қор есебінен 30 нысанға 26 млрд-тай ақша бөлінген.

Қазіргі таңда 27-сінің құрылысы аяқталды, ал 3 нысан бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бізде осы өнер мектебінің ғимараты ауданда тозығы жеткен болатын. 1974 жылы салынған. Бірақ бұл өнер мектебі ауданымызда өте қажетті мекеме болғандықтан, ол жерден тәрбие алып, дәріс алып, республика көлемінде өнерін көрсетіп жүрген азаматтар шыққан. Ғимараттың тозығы жетуіне байланысты үлкен жоба жасап, осыны республикаға ұсынған едік.

Қуат Құдайберген

← Все новости