Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Астананы дамытуға 16 миллиард бөлінді

Еуразияның жауһарына айналған Астана одан сайын түрленеді.

Үкімет бас қаланы дамыту үшін өз резервінен 16 млрд 200 млн теңге бөлді.

Басты мақсат — қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.

Қомақты қаржы шаһардың коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымына бағытталмақ.

Яғни су бұру жүйелері мен кәріз желілері жаңартылып, жаңа қосалқы электр станциясы салынады.

Мамандардың айтуынша, бұл шаһардың алдағы жылдардағы қажеттілігін қамтамасыз етіп, күнделікті тіршілікке қажетті жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

МАҚСАТ ЕСМАҒҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігімен, сонымен қатар ЖЭО-2-дегі бір турбинаны реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар бізде жыл сайын өзінің жалғасын табуда. Яғни жыл сайын әкімдік тарапынан жаңа энергетикалық объектілерді реконструкциялау, сонымен қатар қосымша жаңа объектілерді іске қосу бойынша үлкен жұмыстар атқарылады.

Қуат Құдайберген

← Все новости