Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Ертең Астанада аптап ыстық болады

Ертең астаналықтар кондиционерді барынша қосып, жағажай мен бассейндерді жағалайтын түрі бар. Өйткені жаз басталғалы бергі ең ыстық күн болғалы тұр. Синоптиктер елордада ауа температурасы кемі 37, тіпті 39 градусқа дейін көтеріледі дейді. Қазгидрометтің мәліметінше, бұған пара-пар көрсеткіш — 39,5 градус — осыдан 91 жыл бұрын, 13 шілдеде тіркелген. Одан соң бас қалада шілде айындағы шіліңгір ары кетсе 35 градусқа жеткен. Ал дәл бүгін сынап бағаны 36 градусқа дейін жоғарылады.

← Все новости