Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 49 просмотров

Ертіске екі бала ағып кетті

Семейде Ертіске шомылған 10 және 11 жастағы балалар батып кетті.

Аптап ыстықтан сая іздеп, суға түскісі келген екі жеткіншек ажал тырнағына ілікті. Семейде Ертіске шомылып, салқындамақ болған 10 және 11 жастағы балалар батып кетті. Осы қайғылы оқиғадан кейін Абай облысының полиция департаменті аймақтағы барлық су айдындарында шұғыл профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Дегенмен негізгі жауапкершілік ата-аналардың мойнында дейді мамандар. Сондықтан олар ересектерді балаларды өзен-көлдердің маңында қараусыз қалдырмауға және олардың қайда, кіммен жүргенін үнемі бақылауға шақырады.

← Все новости