Қарбыз жеуге асықпаңыз! Себебі қазір сатылып жатқандарының құрамында түрлі тыңайтқыштар мен қоспалар бар. Осылай деген Ауыл шаруашылығы вице-министрі қанша ынтығып тұрсаңыз да, тамызға дейін бұл өнімді сатып алмауға кеңес берді. Азат Сұлтановтың сөзінше, бақша дақылдарының табиғи жолмен пісетін кезеңі — шілденің соңы мен қыркүйек айының ортасы. Міне, сол кезде қалағаныңызша жесеңіз болады. Вице-министрдің айтуынша, шетелден жыл бойы жеткізіліп жатқан көкөністер мен жемістер қауіпсіз. Өйткені олар шекарадан қатаң тексеруден өткізілген соң ғана елімізге кіргізіледі екен.
АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Әсіресе балаларға қазір қарбыз бермеген жөн. Себебі олардың құрамында көп мөлшерде тыңайтқыштар болуы мүмкін. Қазақстанда бақша дақылдарын өсірудің бірнеше маусымы бар. Ең қауіпсіз кезең, яғни табиғи түрде пісетін уақыт — келер ай. Сарапшы ретінде кеңесім, осы аралықта қауынды ойланбай жеуге болады. Өйткені құрамында қоспа болмайды.