Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Алматыдан Қаскелеңге баратын жол кеңейтіледі

Алматы мен Қаскелең арасындағы жолдың 8 шақырымы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі.

Көлігіне мініп, кептелісте тұрып, жарты сағатта жарты метр жүріп, зығырданы қайнағандарға қуанышты жаңалық. Алматы мен Қаскелеңнің арасын жалғайтын трасса кеңейтілмек. Президент сауырларына қамшы салмаса, қарашаның сөзіне оңайлықпен құлақ түрмейтін шенділер іске құмбыл кірісті. Құрылыс жұмыстарын 20 шілде күні бастап кетпек. Ал оны орта жолдан тастап, ақша жетпеді деп мың сылтау айтатындарға Үкімет басшысы қатаң ескерту жасады. Олжас Бектенов «жоба құнының бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін» баса айтты. Ал Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, автожол учаскесінің 8 шақырымы 8 жолақ болады.

ТӨЛЕГЕН АБДУЛЛИН, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Келер аптадан бастап Алматы — Қаскелең тасжолын модернизациялауды бастаймыз. Жоба аясында кері бұрылуға арналған 8 жолайрық пен 9 жаяу жүргіншілер жерүсті өткелі салынады. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған учаскенің өткізу қабілеті едәуір артып, көлік қозғалысы кедергісіз жүзеге асады. Жобаны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

← Все новости