Бір кездегі курстастар енді қарулас достарға айналды.
Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқыған 10 жігіт қазір Тараздағы 5513-ші әскери бөлімде Отан алдындағы борыштарын өтеп жүр.
Армияға биыл көктемде шақыртылған олар қазір бір батальон мен бір ротада қызмет атқарып жатыр.
Араларында өмірі ине-жіп ұстап көрмегендер де бар екен.
Бірақ білетіндері білмегендеріне әскери киімді тігуді үйретіп, бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп жүр.
Командирлерінің айтуынша, студенттік кездегі достықтары әскери бөлімде шыңдалып жатыр.
Ғалымжан Кенжебек