Перейти к содержимому
· 18 просмотров

Жаз басталғалы 69 бала суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы елімізде 69 бала суға кетіп, көз жұмды. Айдын күннің аманында желкілдеп өсіп келе жатқан жастардың өмірі орта жолда қиылып жатқанына алаңдаған полицейлер дабыл қақты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көбі суға түсуге тыйым салынған әрі арнайы жабдықталмаған орындарда болған. Тәртіп сақшылары рұқсат етілмеген жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік барын жеткізді. Жыл басынан бері 2 700-ден астам адамға шара қолданылған. Полицейлер балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-аналары жауапты екенін тағы бір мәрте еске салды.

АРМАН САДАНОВ, ҚР ІІМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар, оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Аптап ыстықтан кейін бірден суық суға түспеңіздер. Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

← Все новости