Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Аптап ыстық: 50 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Алматыда жарты ғасыр бойы сақталған рекорд жаңарды. Кеше шаһарда ауа температурасы плюс 38 градусқа жетіп, 1976 жылғы 16 шілде күні тіркелген көрсеткіштен асып түсті. Ол кезде термометр бағаны 36,1 градусты көрсетіпті. Дегенмен, оңтүстік астанадағы шілде айының абсолюттік температуралық рекордының мұрты әзірге бұзылған жоқ. 1983 жылы күн 43,4 градусқа дейін ысыған екен. Синоптиктер алматылықтарды алдағы күндері сақ болуға шақырады. Себебі аптаптың беті әлі қайтпайды. Күн райы жақын күндері 42 градусқа дейін қызады. Жаңбыр жаумайды.

← Все новости