Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Шығыста аю адасып жүр

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар екі ауылдың арасындағы жол бойында жүрген аюды таспаға түсіріп алды. Әлеуметтік желіде тараған кадрдан аңның әбден әлсіреп, дәрменсіз, шыр көбелек айналып жүргені байқалады. Куәгерлердің сөзінше, жыртқыш ешкімге тиіспеген. Кейбірі аптап ыстықтан қалжырап қалған болуы мүмкін екенін айтып жатыр. Ал Марқакөл аудандық әкімдігі аю кейін тау бөктеріне қарай кетіп қалғанын хабарлады. Қазір орман шаруашылығы қызметкерлері мен полиция өкілдері сол маңдағы тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр екен.

← Все новости