Перейти к содержимому
· 10 просмотров

«Рахман қайнарына» апаратын жол жөнделіп жатыр

«ҚазАвтоЖол» дәл қазір «Рахман қайнарына» баруға уақытша шектеу қойылғанын хабарлады. Өйткені құз жартас бойындағы жолға асфальт төселіп жатыр екен. Десе де, жөндеу жұмыстары басталғалы кейбір туристер тәртіпке бағынбай, шектеуді елемей, білгендерін жасаған көрінеді. Тіпті жол қызметкерлеріне тіл тигізіп, арнайы техниканың жұмысына кедергі келтіріп, күзетшілерге қол көтерген жағдайлар да болыпты.

ӘДІЛЕТ ЖАМПЕЙІСОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ» АҚ ШҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде осы Рахман қайнарларындағы орташа жөндеуге қойылған шектеулерге байланысты біздің тарапымызға көптеген наразылықтар туып жатыр туристерден. Айналма жол салу мүмкіндігі болмағандықтан, біз таңғы 6-дан кешкі 6-ға дейін жол пайдаланушыларға уақытша шектеу қойдық қазір. Келесі туристік сезонда жол пайдаланушылар мен туристер заманауи жаңа жолды пайдаланатын болады.

Жауаптылар туристік маусымның қызғанын ескере отырып, түскі он екі мен бірдің арасында жүргізушілерге жолдан өтуге рұқсат беріпті. Яғни осы аралықта демалушылар еш кедергісіз аймаққа кіре алады. «ҚазАвтоЖол» мамандары жөндеу жұмысына жұрт кедергі келтіріп, қысым көрсетсе, құрылыс қарқыны ұзаққа созылып кетуі мүмкін дейді.

← Все новости