Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Аптап ыстық шыжғырып барады

Шымкенттің ыстығына адам түгілі, техникалар да шыдас бермей жатыр. Аптапта аялдамалардағы қоғамдық көліктердің кестесін көрсетіп тұратын медиаэкрандар істен шығып қалды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы бірнеше күн бойы ауа температурасы 48 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты медиабордтар 3 күнге өшіріледі. Сол аралықта мамандар жабдықтарды тексеріп, салқындатып, қайта іске қосады. Ал жолаушылар автобустардың жүретін уақытын өзге қосымшалардан бақылай алады.

← Все новости