Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Жаңа медициналық нысан ашылды

Халықтың көбі сапалы ем үшін аудан орталықтары мен үлкен қалаларға ағылады. Ал Ақтөбеде, керісінше, жаңа аурухананың бәрі ауылда орналасқан. Дәрігерлік көмек алу жеңілдей түсу үшін елді мекендерге амбулатория салып беру қарқын алды. Бұл шалғай жатқан жерлерге озық медицинаны әкеледі, әрі аудандық ауруханаларға түсетін жүктемені де азайтады.

Маржанбұлақ — облыс орталығынан 25 шақырым жердегі ауыл. Алға ауданына қарасты елді мекеннің аумағы ұлғайып келеді. Халық саны бес мыңнан асқан. Осыны ескеріп, бізге амбулатория салып берсе деген ауылдықтардың тілегі бар еді. Сол орындалды. Ауысыммен 45 пациентті қабылдауға қауқары жететін емдеу мекемесі ашылды. Халықтың қуанышында шек жоқ. Енді емге келгендер бұрынғыдай тар жерде қыстырылып-қымтырылмайды.

ГҮЛМИРА ҚИСЫҚОВА, МАРЖАНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көне амбулаторияда 2 адамдық орын болды, қазір бұл жерде 5-6 төсек бар, күндізгі стационарда емін алып жатады халық. Мысалы, өзім келіп алам системамды, емді. Анализдерді де осында тапсырып жатырмын.

Анюта Трегуб маржанбұлақтықтардың «сүйікті дәрігері». Жастың да, кәрінің де тілін тауып, емін жасайды. Медициналық университет бітірген жас маман ауылға келгенде дәрігерлер ескі медпунктте отырған. Қазіргі ғимарат оның қасында кең сарайдай дейді. Әрі медициналық керек-жарақ, құрал-жабдықтармен де қамтылған.

АНЮТА ТРЕГУБ, ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:

Бұл жақта қажетті медициналық жабдықтар бар болған соң бізге әжептәуір жеңілдеу десек те болады. Өйткені ауыл тұрғындарына сапалы көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік бар. Сонымен қатар скринингтік тексерулерді уақтылы өткізуге, жыл сайынғы флюорографиялық тексерулер уақытылы өткізіліп тұрады.

Ауылдағылар басы ауырып, балтыры сыздаса, Алға мен Ақтөбенің арасын жол қылмай, тиісті ем-шараны ауылдағы амбулаториядан жатып-ақ алуға жағдай туғанына риза. Есепте тұрғандар да қажетті дәрі-дәрмекті осыннан алады.

ГҮЛБАНУ ЖҰМАБАЕВА, МАРЖАНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жаңа больница ашылғалы үш рет пе, төрт рет пе бардым. Ешқандай уақыт күткен жоқпын. Бәрі нормально. Жатуға да қолайлы. Система, уколдарымызды аламыз.

ЖОЛДЫ БАЕТОВА, МАРЖАНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қандай ауру болса да, үйге шақырсаң, үйге келеді, түзге шақырса, түзге барамыз, әйтеуір. Жақсы.

Жалпы, Ақтөбе облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 29 амбулатория салынған. Оның 11-і қайтарылған активтер есебінен бой көтерді.

← Все новости