Перейти к содержимому
· 31 просмотр

Самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

Алматыда 25 тамыздан бастап электрлі самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады.

Бұл құрылғыны тізгіндегендер тек веложолақпен немесе тас жолдың оң жақ шетімен ғана қозғалуы тиіс. Ал тәртіпті жаяу және арнайы патрульдік экипаждар қадағалайды.

Сонымен қатар, самокатты енді екінің бірі жалға ала алмайды: ол тек кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар, кәмелетке толған азаматтарға ғана беріледі. Жаңа талаптардың орындалуын бақылауға кикшеринг компаниялар тартылмақ. Мұндай мекемелер арнайы бағдарлама арқылы қадағаланатын шектеулер енгізеді. Егер самокатты тізгіндеген адам тыйым салынған аймаққа өтсе, техниканың жылдамдығы автоматты түрде бәсеңдеп, сосын мүлдем жүрмей қалады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Электросамокаттарды тізгіндейтін азаматтарға жаяу жүргіншілер жолына, тротуарға шығуға тыйым салынған. Содан кейін электросамокаттар жол жүру куәлігі жоқ азаматтарға берілмейді. Қазіргі таңда 25 тамызға дейін мұндай мүмкіндіктер бар. Бірақ аз уақыт ішінде адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек. Қазірден бастап тротуарға шығып, жаяу жүргіншілердің мазасын алмаса да болады.

← Все новости