Перейти к содержимому
· 27 просмотров

Табиғи парк аумағында өрт шықты

Семей орманындағы өрттің соңғы шоғы сөнгені сол еді, енді қызыл жалын Баянауыл ұлттық табиғи паркін де шарпыды. Тілсіз жау бүгін таңсәріде тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына дереу жеткен. Құтқарушылар мен орманшылардың шапшаң қимылының арқасында жалынның беті дер кезінде қайтарылып, оның төңірегін жайпауына жол берілмеді. Өрт бар-жоғы 30 шаршы метр аумақты шарпыпты. Қазір аймақ толық оқшауланып, жағдай бақылауға алынған. Оттың неден тұтанғаны әзір белгісіз, мамандар анықтап жатыр.

← Все новости