Перейти к содержимому
· 26 просмотров

Жойқын жел соғып, бұршақ жауды

Көп өңір аптап ыстықпен алысып жатқанда, табиғаттың тосын мінезі ертістіктерді әбден әбігерге салды. Көпшілікпен бірге әлем чемпионатын тамашалаймыз деген павлодарлықтардың жоспары бір-ақ сәтте өзгеріп кетті. Аяқ астынан жойқын жел көтеріліп, бұршақ жауып, әп-сәтте орталық алаңның астаң-кестеңін шығарды. Дүлей дауылдың салдарынан 6 адам зардап шегіпті. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 33 жастағы ер азаматтың үстіне ағаштың бұтағы құлаған. Басы жарақаттанған ол ауруханаға жеткізіліпті. Сондай-ақ Құдайкөл ауылында да бірнеше жан дәрігердің көмегіне жүгініп, алғашқы көмек көрсетілген соң бәрі үйлеріне жіберілген.

← Все новости