Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Смирново ауылында өрт сөндіру бөлімі қолданысқа берілді

Солтүстіктің жұрты бұл күнді ұзақ күтті. Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында өрт сөндіру нысаны күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі қатысты. Жаңартылған бөлімше осы өңірдегі 28 елді мекеннің өрт қауіпсіздігіне жауапты. Сөз басында министр ауыл тұрғындарын құттықтап, қызметкерлерге жаңа техниканың кілттерін табыстады.

← Все новости