Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Жойқын желдің салдарынан 50-ге жуық тұрғын үй бүлінді

Павлодар облысында жойқын дауыл 50-ге жуық тұрғын үйдің шатырымен қоса, қасбетін қопарып әкеткен. Табиғаттың тосын мінезі әсіресе Қалқаман кенті мен Құдайкөл ауылына қатты зардабын тигізіпті. Тіпті үйлерден бөлек, мектептер мен мәдениет орталықтарының терезесі сынып, қабырғалары жан-жаққа ұшып кеткен. Сондай-ақ 11 елді мекенде электр энергиясы өшіріліпті. Қазір арнайы бригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Шығынды есептеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі Асайын Байханов оқиға орнына барып, зақымданған нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездескен.

← Все новости