Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Кәріз құдығында көз жұмғандардың несиесі өтеледі

Кәріз құдығындағы көз жұмған алты адамның несиесі өтеледі. Бұл жөнінде Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңір басшысы Асайын Байханов жазатайым жағдай болған сүт зауытына барған. Одан кейін қайғыдан қан жұтқан отбасылармен кездесіп, көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізіпті. Ал сүт өндіретін кәсіпорын басшылығы марқұмдардың кәмелет жасына жетпеген балаларына қолдау көрсетіп, 18 жасқа толғанша білім алуына және басқа да қажетіне жұмсалатын шығындарды мойнына алмақ. Айта кетейік, кеше Жоламан ауылында кәріздің электр сорғысын жөндеуге барған алты адам бақилық болған еді. Үлкені 63-те, кішісі небәрі 17-де болған. Тағы бір кісі ауруханаға жеткізілген. Марқұмдар газға уланып қалған деген болжам бар.

← Все новости