Шылымқорларға жеңілдік! Темекі шегетіндер енді өкпе обыры скринингінен тегін өте алады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мұндай бағдарлама елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Жаңа қағидаға сәйкес, скринингке 50 мен 70 жастың аралығындағы азаматтар қатыса алады. Алайда бірнеше талап бар. Атап айтқанда, тексерілуші адам бронх немесе өкпенің қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмауы керек. Сондай-ақ, темекі шегіп жүргеніне кемі 20 жыл болуы қажет. Ал тастаған болса, 15 жылдан аспауы керек.