Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Жеке деректеріңізді кімнің қарағанын білуге болады

Азаматтардың жеке деректерімен жұмыс істейтін мекемелер енді оларды қорғайтын шараларды күшейтуге міндетті. Керек болса, арнайы маман жалдайды не өз қызметкерлерін оқытады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев айтты. Қазіргі кезде қазақстандықтар жайлы деректерді көптеген мекеме қолданады. Алайда бәрі бірдей мәліметтерді тиісті деңгейде қорғайды деп айту қиын. Салдарынан алаяқтардың айы оңынан туып, тұрғындарды сан соқтырып кетіп жатқан жағдайлар бар. Бұдан бөлек, биылдан бастап eGov порталында жеке мәліметтеріңізді кімдердің қарағанын білуге болатын жүйе іске қосылды.

ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Азаматтардың дербес деректерін жинайтын немесе өңдейтін барлық ұйым киберқауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет. Бұл талап тек ірі ұйымдарға ғана емес, шағын және орта бизнес субъектілеріне де қатысты. Атап айтқанда, сұлулық салондары, білім беру орталықтары, жекеменшік медициналық ұйымдар, компьютер клубтары, фитнес орталықтары, дүкендер, онлайн платформалар, туристік компаниялар және басқа да ұйымдар азаматтардың дербес деректерін қорғауға міндетті.

Соңғы екі жылда киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуына қатысты 648 жоспардан тыс тексеру жүргізіліпті. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Ал заң талаптарын бұзған ұйымдар әкімшілік жазаға тартылған.

← Все новости