Жайлы демалыс әп-сәтте қауіпті жағдайға айналды. Бүтін бір отбасы Алакөлдегі аралдардың бірінде қалып қойды. Олар мінген шағын кеме аяқ астынан бұзылып, демалушылар жағаға жете алмай, пұшайман күй кешкен. Сәтін салғанда, көлді патрульдеп жүрген Абай облысының құтқарушылары көмек сұрағандарды байқап қалып, дереу жеткен. Сөйтіп төрт адамды, оның ішінде бір баланы, аман-есен жағалауға жеткізді.