Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

«Нұрлы жол» вокзалының төбесі құлады

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының төбесі опырылды. Оқыс оқиға кезінде шатырдың бір бөлігі ойылып, қалдықтары жерде шашылып қалған. «Қазақстан теміржолы» компаниясының мәліметінше, жабын кеше кешкі сегізге таман үшінші қабатта құлапты. Жауын-шашын ағып өтетін канализациялардың түйіскен жері зақымданыпты. Содан төбе бүлінген көрінеді. Қазіргі уақытта құбырлар жөнделіп, жарамсыз жерлер қалпына келтіріліпті.

← Все новости