Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Тамызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады

Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмай, ақылы оқудан да күдер үзгендер үшін жағымды жаңалық: 25 шілдеден бастап тамызда қайта өтетін сынаққа өтініш қабылдау басталды. Тестілеу алдағы айдың 10-ы мен 15-і аралығында өтеді. Талапкерлер тестілеу күнін, уақыты мен өтетін орнын өздері таңдай алады. Құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz мобильді қосымшасында жүктеуге болады. Тестілеуге биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған жастар қатыса алады. Сондай-ақ мамандығын өзгерткісі келген және ақылы оқудан грантқа ауысуға ниет білдірген студенттерге де тамыздағы ҰБТ жақсы мүмкіндік болмақ.

← Все новости