Елімізде телефон сатып алу ережесі өзгереді.
Бұдан былай верификациядан өтпегендерін сатуға тыйым салынады. Жаңа талапқа сай, шетелден әкелінген барлық смартфонның IMEI коды тексеріліп, оның елге заңды жолмен жеткізілгені расталуы тиіс. Сондай-ақ сатушылар құрылғының верификация мәртебесін сатып алушыға көрсетуге міндетті. Және түбіртекке немесе сатып алу құжатына кодты енгізу керек. Бұл ережелер орындалмаса, клиент ақшасын қайтаруды, құрылғыны ауыстырып беруді талап ете алады.
Жанар Арғынова