Елімізде алимент төлеу тәртібі өзгереді. 2026 жылғы 25 тамыздан бастап кәмелетке толмаған балаларға және кәмелет жасынан асқан, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарға берілетін төлем енді арнайы банк шотына аударылады. Ол үшін қаражатты өндіріп алушы тұлға сот орындаушыға тиісті деректерді ұсынуға тиіс. Әділет министрлігінің мәліметінше, мұндай шотты бұғаттауға болмайды. Бұл қаражаттың нақты көрсетілген мақсатта жұмсалуына кепілдік береді.