Колледждер үшін жаңа табыс көзі пайда болды.
Бассейні мен спорт залдары бар білім мекемелері енді оларды жалға бере алады. Тұрғындар болса, сабақтан тыс уақытта пайдалана алады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік заңнаманы жетілдіру аясында «Білім туралы» заңға өзгеріс енгізілген. Соған сәйкес, спорт инфрақұрылымдары мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында осындай іс қолға алынған. Ал жалға беруден түсетін қаражат сол спорт нысандарын жөндеуге, құрал-жабдықтар сатып алуға, техника мен материалдық базаны дамытуға жұмсалады.
Маржан Нүсіпбек