Елімізде көру қабілетін тексеретін алғашқы мамандандырылған мобильді орталық пайда болды.
Оны Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты жасап шығарды. Ол ең шалғайдағы елді мекендерге де бара алады. Орталықтың ішінде үнемі жолда жүруге бейімделген, әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи құрылғыларымен жабдықталған кабинеттер бар. Мұнда көздің көру өткірлігін тексеруге, көз торын зерттеуге және көз ауруларын ерте сатысында анықтауға болады.
Ұлан Тәліпбай