Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандар көбейіп барады.
Мәселен, жыл басынан бері 1 миллион 700 мыңға жуық адам скринингтен өтіпті. Нәтижесінде 114 мың пациенттің ағзасынан кінәрат табылған. 99 мың адамның артериялық қысымы жоғары, тағы 15 мың тұрғынның қан айналымы бұзылғаны белгілі болды. Айта кетейін, былтырдан бері скрининг бағдарламасының ауқымы кеңейіп келеді. Оған ауруды ертерек анықтауға көмектесетін диагностикалық әдістер енгізілді. Қазір 1 миллион 900 мыңдай қазақстандық дәрігерлердің бақылауында тұр.
Қуат Құдайберген