Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

«Бурабай» ұлттық паркінде өрт шықты

Аптап ыстықта тілсіз жау «Бурабай» ұлттық паркіне де ауыз салды. «Көрікті мекенде өрт шықты» деген суыт хабар түсе салысымен, құтқарушылар тайлы-тұяғы қалмай атқа қонды. Таудың екі жақтағы етегінен бірдей күш алған қызыл жалынды ауыздықтау оңай болмады. Онымен күреске 150 өрт сөндіруші мен 17 техника, сондай-ақ тікұшақ жұмылдырылды. Жер мен көктен қатар жасалған үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрт ошағы тез оқшауланды. Мамандар әуе көлігінен 75 тонна су шашып жатып сөндірді. Ал от найзағай түскен кезде тұтаныпты.

← Все новости