Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Аптап ыстықта жұмыс уақыты қысқара ма?

Аптап ыстықта жұмыс уақыты қысқара ма? Көпшіліктің көкейінде жүрген осы сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, күннің күрт ысуына байланысты жұмыс беруші қызметкерлерді онлайн режимге ауыстыруға міндетті емес. Десе де, бұған қатып қалған талап деп қарамаған жөн. Яғни, басшылық пен жұмысшы өзара келісімге келе алады. Мәселен, қашықтықтан жұмыс істеуге немесе еңбек кестесін өзгертуге мүмкіндік бар. Ал ми қайнатар ыстықта далада еңбек етіп жүргендер үшін басшылық арнайы үзіліс уақытын қарастыруы қажет. Сонымен қатар, олардың салқындап, демалуына қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

← Все новости