Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Қосшы толықтай газға қосылды

Астана маңындағы Қосшы қаласы толықтай газдандырылды. Енді 72 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынды қалағанынша пайдалана алады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, желілер шаһардың барлық шағын аудандарына, «Лесная поляна» мен Даймонд Парк тұрғын алаптарына дейін тартылған. Қазір Ақмола облысында 24 елді мекен табиғи газға қосылған. Алдағы екі жылда тағы 12 ауылды қамту жоспарланып отыр. Ал Үкіметтің жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейі 80 пайызға жеткізілмек.

← Все новости