Алматыда жыл соңына дейін әбден тозған 105 лифт ауыстырылады. Пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан әрі қи тесте күрделі жөндеуге зәрулері жаңартылмақ. Қала әкімдігіндегілер жоспар жүзеге асса, осындай үйлерде тұрып жатқан жұрттың көңілі бір жайланып қалады дейді. Қазіргі таңда қалада 14 мың 500-дей лифт бар екен. Оның 8 мыңнан астамы үш мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді. Мамандардың айтуынша, жабдықтардың жыл сайынғы тозуын ескерсек, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын кемінде 150 лифт жаңартылып отыруы тиіс.