Балалардың қауіпсіздігіне сын!
Шығыс Қазақстан облысында мектеп автобустарының жартысынан көбінің тозығы жеткен. Амалдың жоқтығынан оқушылар мектепке осындай көліктермен қатынайды. Статистикаға сүйенсек, өңірдегі 126 автобустың 68-і әбден ескірген. Олардың көбі 2000–2015 жылдары сатып алынған екен. Ал жаңасын алуға бюджеттен қаражат бөлінбей отыр.
ЖАНҒАЗЫ ӘЛІПБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Облыстық бюджет қаражатының тапшылығына байланысты бұл мәселе өзінің шешімін таппай отыр. Бұл мәселені шешу үшін басқарма резервке алу мәселесін қарастырды. Оның да пайызы жоғары болғандықтан, 12 пайыз болып отыр. Бүгінгі күні ол да бізге тиімсіз болып отыр.
Соңғы 5 жылда өңірге бар болғаны 28 жаңа автобус берілген. Ал жауаптылар тығырықтан шығу үшін ескірген көліктерді өйтіп-бүйтіп жөндеп, техникалық жағдайын бақылауда ұстап отыр екен.