Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 76 просмотров

Алматыда 100-ден астам лифт ауыстырылады

Алматыда жыл соңына дейін әбден тозған 105 лифт ауыстырылады.

Пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан әрі күрделі жөндеуді қажет ететіндері жаңартылмақ. Қала әкімдігіндегілер жоспар жүзеге асқан соң осындай үйлерде тұрып жатқан жұрттың көңілі бір жайланып қалады дейді. Қазіргі таңда қалада 14 мың 500-дей лифт бар екен. Оның 8 мыңнан астамы үш мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді. «Жабдықтардың күннен-күнге тозуын ескерсек, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын кемінде 150 лифт жаңартылып отыруы тиіс», – дейді жауаптылар.

← Все новости