Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 26 просмотров

Оралда төтенше жағдай жарияланды

Оралда қоқыс полигоны өртеніп, қалада жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Өңір әкімдігінің мәліметінше, қалдықтар 2026 жылғы 27 шілдеден бастап жана бастаған. Қатты жел мен аптап ыстық қызыл жалынды өршітіп жіберген. Содан қаланы көк түтін басып, тұрғындарды әбден әбігерге салып қойған. 35 гектар аумақтың 13 гектары отқа оранған. Әзірге соның 3 гектары ғана сөндіріліпті. Ал қалғаны әлі бықсып жатыр екен. Қоқыс алаңы 1975 жылы салынған. Оны пайдалану мерзімі әлдеқашан аяқталған. Сондықтан әкімдік ол жерге қайта топырақ төсеп, қалпына келтіру жұмысын қолға алмақшы. Ал төтенше жағдай өрт толық оқшауланғанша сақталады.

ЕЛДОС БАТТАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға орнында іс-қимылды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін су тасымалдау ұйымдастырылды. Тұтану ошақтарын үздіксіз жою және сөндірілген учаскелерді топырақпен рекультивациялау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтіннің, екпінді желдің және полигонның жекелеген учаскелеріне жетудің қиындығына байланысты күрделенуде. Соған қарамастан жұмыстар күндіз де, түнде де тоқтаусыз жалғасуда. Жағдай ҚР ТЖМ тұрақты бақылауында.

← Все новости