Елімізде бос жатқан 1 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, ұзақ уақыт игерілмей жатқан алқаптар енді қайтадан ел игілігі үшін пайдаланылмақ. Қаңырап, арамшөп басып, бос жатқан учаскелер жер емген шаруаларға беріледі. Айта кетейін, 2022 жылдан бері 15 миллион гектардан астам жерді мемлекет көрсеқызарлардан алып қойыпты.
Рамазан Палмағанбет