Өткен жылы қазақстандық кардиохирургтар жүрек пен қан тамырларына 32 мыңнан астам операция жасады.
Алты мыңдай пациент жоғары технологиялық көмек алған. Мұндай сирек әрі күрделі оталар үшін мемлекет 91 миллиард теңге бөліпті. Айта кетерлігі, еліміздегі кардиоорталықтар заманауи жабдықтармен қамтылған. Бұл жоспарлы ем кезінде де, уақыт санаулы болатын шұғыл жағдайларда да адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Науқастар үшін мұндай қымбат оталар тегін жасалады, емдеу де тегін. Медициналық шешім болған жағдайда олардың шығындары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында толық өтеледі.
Гүлнәзия Амирханова