Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

ТЖМ аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

Аптап ыстықтың беті қазір қайтпайтын секілді. Әсіресе Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 40-тан 44 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше жағдайлар министрлігі осы себепті өрт қаупі артуы мүмкін екенін айтып, халыққа ескерту жасады. Әрі оңтүстікте жел күшейеді. Бұл оттан келетін қатерді өршіте түсуі ықтимал. Сондықтан мамандар азаматтарды барынша сақ болуға шақырды.

← Все новости