Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Бір балаға 50 мың теңгеден беріледі

Биыл елімізде 450 мыңға жуық оқушыға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек беріледі. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қолдау «Жалпыға міндетті білім беру қоры» аясында көрсетіледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 миллиард теңге бөлінген. Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Бұл былтырғыдан 10 пайызға көп. Дегенмен, мүмкіндігіне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы ықтимал. 1 тамызда басталатын шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

ТОЛҚЫН ИСАКОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған қолдау шаралары жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі. Көмек алу үшін ата-ана немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды бала оқитын білім беру ұйымына тапсырады.

← Все новости