Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Сербияда жерлесіміз көз жұмды

Сербияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық көз жұмды. Белградта тұрған 24 жастағы бойжеткен алтыншы қабаттан құлап кетіп, жан тапсырған. Алайда марқұмның туыстары бұл жазатайым оқиға емес, оны әлдекімдер биіктен лақтырып жіберген дейді. Қайғыдан қан жұтқан жандар істің әділ тергелуін талап етуде. Шетелде отандасымыздың қайтыс болғанын Сыртқы істер министрлігі растады. Қазіргі таңда біздің елшілік жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, барлық мән-жайды анықтап жатыр екен. Марқұмның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан дипломаттар оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетуде.

← Все новости