Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

50 гектарды гүлдендірген қария

Жамбылдық зейнеткер ауылдың айналасын баққа айналдырып, 50 гектарға жуық жерді бір өзі игеріп отыр. Бір қызығы, ақсақал қарапайым алманың 40 сортын, жұрт сүйіп жейтін жүзімнің 34 түрін сырттан әкеліп жерсіндірген. Қазір бәрі алып аумақта жайқалып тұр. Сұраныстың көптігі сонша, өнім облыстан артылмайды екен. Бір ғана алма бағынан бағбан жылына 300 тонна, ал жүзімнен 20 тонна тәтті өнім алады. Мұның бәріне қария тал-дарақты жиі суғарып, күтім жасап, тіпті олармен сөйлесуі тікелей себеп дейді.

МИРИСЛАМ АЛЛАХМИРАНОВ, МОЙЫНҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жүрегі таза болуы керек. Мен келсем осы жерге «ассалаумағалейкум» деймін. Ол да тірі. Бірақ мен мынау жапыраққа қараймын, бәріне қараймын түріне, бірден білемін, мынаған не керек екенін. Қазақ атам айтқан: «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын!»

Зейнеткер жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Қазір оның бақшасында 15 адам еңбек етеді. Сонымен қатар, қария шәкірт тәрбиелеуді де қолға алған. Өткен жылы 15 тұрғынға бағбандықтың қыр-сырын үйреткен. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ. Айта кетейік, қазір Әулиеата өңірінде 77 жеміс-жидек шаруашылығы бар.

БОЛАТ САҒЫНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шетелдік тыңайтқыштарға 50 пайыз көлемінде, отандық тыңайтқыштарға 60 пайыз көлемінде субсидия бар. Тұқымдық көшеттерге 50 пайыз, химиялық препараттарға 50 пайыз көлемінде мемлекет тарапынан қарастырылған.

← Все новости