Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

40 отбасы баспаналы болды

 Талдықорғанда жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған 40-тан астам отбасы баспаналы болды. Пәтерлер әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға берілді. Қоныс тойына асыға күткен жандарға кілтті қала әкімі табыстады. Жап-жаңа пәтерлердің арендасы да қымбат емес. Айына 8 мың мен 14 мың теңге аралығында төлейді. Кейін өз аттарына толық аударып алады. Биыл Талдықорғанда әлеуметтік аз қамтылған 600-ге жуық отбасы баспаналы болса, жауаптылар жыл соңына дейін 1400 жанұяны қамтуды жоспарлап отыр.

ГҮЛЗАТ ОМАРБЕКОВА, ТҰРҒЫН:

Осы топтарға беріп жатқанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен көмек. Өйткені әркімнің өз баспанасы болғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін 10 жыл пәтер кезегін күтіп жүргенде небір ойлар, небір уайым болды. Қазір енді сол уайымнан шықтық деп ойлаймын.

← Все новости