Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Елімізде жеңіл өнеркәсіпті қолдаудың жаңа тетіктері енгізілмек

Елімізде жеңіл өнеркәсіпті қолдаудың жаңа тетіктері енгізілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында осы бағытқа арналған 2030 жылға дейінгі кешенді жоспар жан-жақты талқыланды. Құжатта негізгі 28 тарауға басымдық берілген. Мәселен, заңнаманы жетілдіру, көлеңкелі импортпен күресу, инвестиция тарту, отандық брендтерді қолдау және мамандарды даярлау көзделген. Сонымен қатар, мемлекет өндірісті ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашқан кәсіпорындарға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

МҰХАМЕД АНДАҚОВ, ҚР ӨҚМ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл шаралар бойынша салық жеңілдіктері қолданған, салық және басты бұл шараның басты мақсаты іштегі жұмысшы орнын көбейту, кәсіпкер бизнесте өзіне міндеттемелер алады. Локализациясын көбейту, ішкі шикізатты қайта өңдеу.

Сондай-ақ, жиында қазақстандық тауарларды ілгерілету мәселесі де көтерілді. Әсіресе, дүкен сөрелеріндегі отандық өнім үлесін көбейтіп, сапасын жақсартуға басымдық берілді. Отырыс соңында жауапты органдағыларға кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеріп, сапа талаптары мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру тапсырылды. Бұл шаралар кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттырып, ішкі нарықтағы әлеуетін күшейтуге жол ашпақ. Осы тұста Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеңіл өнеркәсіпті өркендету — елдегі өндіріс көлемін ұлғайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті.

← Все новости