Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Ауылға баратын екі мамандық иесіне қолдау көрсетілуі мүмкін

Ауылға барам деген тағы екі мамандық иесіне мемлекеттен қолдау көрсетілуі мүмкін. Бұйрық жобасын Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген. Әрі қарай қоғамдық талқыға салынады. Егер көпшілік мұны құптаса, жағдай жасалатын мамандықтар тізіміне архив және цифрлық технологиялар саласының өкілдері де енгізіледі. Министрліктегілер IT және мұрағатпен айналысатын кадрларды ауылдарға тарту арқылы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы жақсарады деп үміттенеді. Талқылау 21 тамызға дейін жалғасады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости