Төтенше жағдай мамандары ерекше құтқару операциясын өткізді. Құдыққа түсіп кеткен түйе мамандарды біраз әуреге салды. Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданында болды. Алып жануарды шығару оңайға соқпаған. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен түйені аман-есен алып шығыпты. Арам өле ме деп алаңдаған малдың иесі де мәз болған көрінеді.